385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

  • 1359
  • UPD: 12:19, 13.09.2017

Қызылордада «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бой көтерген 234 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне берілді. Жаппасбай батыр көшесінде салынған сәулетті үйге қол жеткізгендер пәтер кілтін алу салтанатында зор қуанышқа бөленді.

Өйткені қоныстанушылардың басым бөлігі – тиесілі үйін жылдап сарыла күткендер. Соның бірі – Дана Есетова мен Нұрбек Сайрановтар отбасы. Бірі – медицина, енді бірі құқық қорғау саласында еңбек ететін жас отбасы кезегін 4 жыл күтіпті.

Дана Есетова, қала тұрғыны:

– «Құрылысы қарқынды Қызылорда» деген қоғамда қалыптасқан жалпы теңеу емес, нақты беріліп жатқанын өзім сезіп тұрмын. Және бұл сәт ешқашан ұмытылмайды. Қызылорда қаламызды біз әрбір қалада, әрбір тұрғынға, әрбір қоғамда мақтанышпен айта аламыз. Өйткені жетістіктер өте көп.

Хабар 24 телеарнасы