387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балқаш қаласының 80 жылдық мерейтойы қарсаңында 5 ойын және спорт алаңдары ашылды

  • 926
  • UPD: 17:44, 20.09.2017

Мұндай сыйлықты қала күніне жергілікті кәсіпкерлер тарту етті.

Балалар демалатын алаңда арнайы жұмсақ төсеніштер мен әткеншектер орнатылған. Ал спорттық алаңда жазда футбол, қыста хоккей ойнауға болады. Сонымен қатар демеушілік қаражатқа бассейн күрделі жөндеуден өткізіліп, су төбешіктері орнатылады. Жобаның құны 100 млн теңге. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында мүгедек жандар мен тұрмысы төмен отбасыларының балалары бассейнге ақысыз келетін болады.

Павел Семченко, әлеуметтік жобаның демеушісі:

– «Туған жер» бағдарламасы аясында әр азамат, әр кәсіпкер өзінің қаласын көркейтуге атсалыса алатындығы қуантады. Бұл жоба іске асырылғаннан кейін Балқаш қаласының тұрғындары спортпен айналысуға мүмкіндік алады.

Хабар 24 телеарнасы