Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде өңдеу ісі қарқынды дамып келеді

  • 1054
  • UPD: 15:59, 21.09.2017

Соңғы 7 жылдан бері елімізде индустриалды-инновациялық бағытта 1 000-нан астам жоба қолға алынды.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясында өткен алқалы жиында айтылды. Әсіресе елімізді Индустриалды-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында өңдеу ісінің өркендегені айрықша атап өтілді. Себебі бұл сала кен өндірісін артқа тастап, өсім қарқынын дағдарысқа дейінгі 2008 жылмен салыстырғанда 25,2%-ға арттырған. Жалпы партиялық тыңдауда қатысушылар индустрияландыру ісіндегі осы және өзге де жетістіктерді саралап, кеткен кемшіліктерге де кеңірек тоқталды.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Елбасының тапсырмасымен Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 1 000-нан астам жаңа кәсіпорын салынды. Оны жүзеге асыруға 5 трлн теңгеден астам қаражат бөлініп, елімізге бүкіл дүние жүзіне танымал аса ірі компаниялар келіп, миллиардтаған доллар инвестиция салды және ең озық технологияларды әкелді. Дәл осы жаңа кәсіпорындар мұнай бағасы үш есеге төмендеген кезде ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етіп отыр. Ендеше біз Елбасы тапсырмаларының уақытында орындалуын қатаң бақылауға алуымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы