Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ – Әзербайжан жастары әріптестік меморандумға қол қойды

  • 709
  • UPD: 10:02, 22.09.2017

Ақтауда Қазақ – Әзербайжан жастары екіжақты әріптестік меморандумға қол қойды.

Игі бастама Каспий жағасындағы шаһарда өтіп жатқан тұңғыш халықаралық жастар форумы аясында жүзеге асты. Бауырлас елдердің жастар ұйымдарының басын қосқан жиында жастар саясаты мәселелерін шешу амалдары талданды. Сондай-ақ тараптар әлемдік деңгейдегі іс-шаралар өткізуде жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті. Көршілес мемлекеттен келген жас буын өкілдері «Рухани жаңғыру» жобасының қазақ ұлтының болашағы үшін маңыздылығына тоқталды. Қонақтардың сөзінше, бұл – түркітілдес халықтарға үлгі болуға лайық бағдарлама. Еліміздің белсенді жастары оларды келешекте Түрік академиясымен бірлесе ашылатын жазғы лагерьге келіп, қазақ тілін үйренуге шақырды.

Данияр Сүндетбай, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:

- Біз көріп тұрғандай, осы мақала бойынша Әзербайжан жастары да көптеген қызығушылықтарды білдіріп жатыр. Мысалға латынға көшу. Әзербайжан посткеңестік кеңістікте бірінші болып латын қарпіне көшкен. Енді олармен ынтымақтастық күшейе түседі. Өйткені біздің арамызда бір алфавит болады. Түркітілдес мемлекеттер арасында үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мысалға біз бірнеше ай бұрын Өзбекстан жастарымен де меморандумға қол қойған болатынбыз. Сонымен қатар қырғыз жастарымен де.

Хабар 24 телеарнасы