385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында халқымыздың шөген ойыны мен саятшылық салты таныстырылды

  • 792
  • UPD: 20:42, 22.09.2017

Елбасының Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Алматы облысы Талғар ауданында халқымыздың ежелгі ұлттық ойындарын жастарға кеңінен таныстыру шарасы өтті. Жиынға қатысушылар шөген ойыны мен саятшылық өнердің қыр-сырына қанығып қайтты.

Атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық ойындарымыздың бірі шөген мен саятшылық өнерді бүгінгі жастардың көбі біле бермейді. Сондықтан тарихы тереңде жатқан ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғыртып, өскелең ұрпақтың  санасына сіңіру үшін осындай игі бастамаларды қолға алып жатырмыз. Ұйымдастырушылар осылай деді. Шараға оқушылар мен студенттер және облыстың белсенді жастары қатысты.

Жақсылық Омар, Алматы облысы әкімінің орынбасары:

- Рухани жаңғыру деген тек ғана бұл мәдени көпшілік іс-шаралар емес, осы біздің бабаларымыздан қалған бүгінде ұмыт бола бастаған немесе азайып кеткен спорттың да түрлерін біз жарыққа алып шығуымыз -керек. Көрсетуіміз керек, дамытуымыз керек,қанатын кеңге жайдыруымыз керек.  

2012 жылы  елімізде Шөген федерациясы құрылды. Аттың құлағында ойнайтын қазақ жігіттері Германия мен Аргентинада өткен халықаралық жарыстарда олжалы болды. Енді  әлем және еуро біріншіліктеріне шақырту алды.  Ал, саятшылық өнеріміз бүркіт баптап, құмай тазы жүгіртуге қазір бет бұра бастағандардың қатары көбейіп келеді.

Бекет Алдабергенұлы, бүркітші:

- Мына жоғарыда отырған ағаларымыз тіреу болып көтермелеп,  бұрын әшейін қарапайым жарыс ретінде өтікізілетін. Құры бүркітшілер басын қосып жарыс өткізетін. Қазір мынау ұлтттық спорт түріне кіргізді.

Қазақ қыраннан қырағылықты, тұлпардан тектілікті бойына сіңірген халық. Осындай  ұлттық өнерімізді насихаттап, келешек ұрпаққа жеткізу аға буынның міндеті. Сондай-ақ оған жан-жақты қолдау керек, дейді құсбегілер. 

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы