389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің 55 пайыздан астамын әйелдер құрайды

  • 513
  • UPD: 23:31, 26.09.2017

Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда биыл 0,5%-ға өскен.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында айтылды. Статистикаға сүйенсек, былтыр «Б» корпусындағы басшылық қызметтегі әйелдердің үлесі 34,8%-ды құраған. Мамандар: «Жыл сайын әкімшілік қызметке үміткер нәзік жандылардың саны артып келеді», – деп отыр. Сондай-ақ жиын барысында Семейдегі қиындыққа тап болған жандарға қолдау көрсететін «Отбасы орталығы» Қоғамдық қорының жұмысы да таныстырылды.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Адам бойына рухани құндылықтарды, бәсекеге қабілеттілікті, білімге құштарлықты арттырып, прагматизмді қалыптастыру ісінде отбасының, әсіресе ұрпақ тәрбиелеп отырған әйелдердің басты рөл атқаратыны даусыз. Осыған орай, еліміздегі әйелдер қауымын «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық жобасындағы 6 бағытты ілгерілету үшін барынша күш жұмылдыруға шақырамын!

Саян Ахметжанов, ҚР Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы:

- 2000 жылдан бастап елімізде әйелдердің жоғары орындарда, басқа орындарда 3%-дан 20%-ға дейін өсім бар. Мемлекеттік қызмет қана емес, мемлекеттік басқару органдары да бар. Бірақ кейбір салада мәмеле сол деңгейге жеткен жоқ. 2020 жылға дейін деңгейді 5%ға, 2030 жылға дейін 30%-ға көтеруіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы