419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында мемлекеттік қызмет саласында 500-ден астам бос орын бар

  • 853
Ақмола облысында мемлекеттік қызмет саласында 500-ден астам бос орын бар

Ақмола облысында жыл басынан бері 40-тан астам мемлекеттік қызметкер ішкі конкурс бойынша өз саласында жоғары лауазымға тағайындалған.

Ал тағы 246 адам осындай байқаулардың нәтижесінде мемлекеттік қызметке жаңадан алынуға ұсынылған. Мамандардың айтуынша, төменгі лауазымнан жоғары лауазымға өту тек қана арнайы байқау негізінде іске асады. Ал комиссия құрамына депутаттар, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енеді. «Мұның барлығы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 10-қадамын жүзеге асыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар», – дейді жауаптылар. Оның үстіне аймақта мемлекеттік қызмет саласында 500-ден астам орын әзірге бос тұр.

Гүлмира Әкімова, облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары:

- Мұндай ішкі байқаулардың берері көп. Біріншіден, бос орындар дер кезінде толығады. Екіншіден, жас мамандарға өз саласында сатылап өсуге мүмкіндік береді. Мәселен бір ғана біздің департаменттің өзінде биыл 3 адам жоғары лауазымға тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы