Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде тұрғын үй саласында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр

  • 805
  • UPD: 23:24, 26.09.2017

«Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі» әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға берілетін баспаналардың пайыздық мөлшерлемесін төмендетуі мүмкін.

Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен келелі кеңесте мәлім болды. Депутаттар банк өкілдеріне тапқан пайданың есебінен салымшыларға біраз жеңілдік жасау керектігін айтты. Сондай-ақ жиында «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында атқарылатын маңызды міндеттер сөз болды.

Осыдан бірнеше күн бұрын «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінің» өкілдері 17 млрд теңге пайда тапқаны жөнінде хабарлады. Қазір қаржы ұйымында «Бұл ақшаны қандай мақсатта жұмсау керек?» деген мәселе қаралып жатыр. Бұл ретте Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясының өкілдері де бірқатар ұсыныс тастап үлгерді. Депутаттардың айтуынша, осының есебінен әлеуметтік аз қамтылған жандардың, әскерилердің және жастардың баспана мәселесін шешіп, пайыздық мөлшерлемені төмендету керек.

Марат Бопазов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- «Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, жастарға үй алуға пайызын төмендетуге бола ма?» деген ұсыныстар бердік. Ол шешіле ме? Шешілмей ма? Алдағы уақытта көреміз.

«Депутаттар ұсынысын толық қолдаймыз» деген Үкімет өкілдері «Нұрлы жол» мен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында алда атқарылатын жұмыстарға кеңірек тоқталды. Олардың айтуынша, биыл елімізде жалпы аумағы 10 млн 100 мың шаршы метр баспана салынуы тиіс. Бұл жоспардың әзірге 68%-ы орындалған.

Роман Скляр, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары:

- Жалға берілетін үйлерді салу үшін 25 млрд теңге бөлінді. Сол арқылы 6 мыңға жуық пәтердің құрылысы басталды. Биыл соның 5 687-сі қолданысқа беріледі. Жыл соңына дейін несиеге берілетін 7 908 үйдің құрылысы аяқталады.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша да тұрғын үй саласында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Әсіресе коммуналдық желілерді жаңғырту ісі кешенді түрде қолға алынды. Қазір қыс маусымына өңірлердегі жылу және су жүйелері толық дайын.

Роман Скляр, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары:

- Қазіргі таңда Семей, Сарышаған, Приозерск сынды қалалардың коммуналдық желілері қыс маусымына 90-ға дайын. Әкімдіктер бұл істі бақылауда ұстап отыр.

Айта кетейік, мемлекеттік тұрғын үйлердің бағасы өзгеріссіз қалады. Астана, Алматы қалалары, Ақтау, Атырау облыстарында баспананың әр шаршы метрі 180 мың теңгеге тең келсе, қалған аймақтарда 140 мыңнан саудаланады.

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Ербол Дайыров

Хабар 24 телеарнасы