429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеден шыққан білікті дәрігерлер туған жерде науқастарға 25 операция жасайды

  • 1304
  • UPD: 16:22, 28.09.2017

Ақтөбеде 61 жастағы ер адамның жұлынындағы ісікті алу операциясы сәтті өтті. Күрделі операцияны жасауға Ұлттық нейрохирургия орталығының басшысы Серік Ақшолақов барды.

Ақтөбе облысында «Туған жер» республикалық форумы өтіп жатыр. Бұл күндері еліміздің әр түкпірінен жиналған білікті дәрігерлер 25 операция жасап, 60-тан астам шеберлік сағатын өткізеді. Ақтөбеге жиналған ақ халаттылардың бәрі осы өңірдің тумасы. Олар туған жердің дамуына осылай үлес қоспақ. Мысалы, академик Жақсылық Досқалиев Алға аудандық ауруханасында өт жолынан тас алу операциясын жасады. Сонымен қатар облыс орталығында 47 жастағы азаматтың бауырын алмастырды. Ал ақтөбелік дәрігерлер трансплантациялық операцияларды 2014 жылдан бері жасайды. 3 жыл ішінде 30 бүйрек, 10 бауыр ауыстырылған.

Серік Ақшолақов, Ұлттық нейрохирургия орталығының басшысы:

- Біздер қолдан келгенде жиі келіп тұрамыз. Себебі Ақтөбенің нейрохирургия саласы бізбен тікелей байланысты. Әрбір жетістіктері, әрбір жаңа қосқан тәжірбиесі біздің көз алдымызда. Біздер бірігіп жұмыс істейміз. Бұл әсіресе, жастарды тәрбиелеуі керек. Біріншіден, Қазақстан бойынша бірінші болып медициналық кластер құрды деуге болады. Керегі бұл кластердің бұл мына халыққа жоғары сапалы қызмет көрсетудің моделі деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы