412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суретші Ерболат Төлепбай туған жеріне жомарттық жасады

  • 1945
  • UPD: 12:03, 01.10.2017

Суретші Ерболат Төлепбай Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданындағы орта мектептің 20 оқушысына арнап, шәкіртақы тағайындады. Ол өзі де кезінде осы оқу ордасында білім нәрімен сусындаған.

Сыйақы оқуда озат, белсенді балаларға беріледі. Осы бір жомарт жан Тоқболат Тоғысбаев атындағы мектепті өз қаражатына күрделі жөндеуден де өткізіпті. Мемлекеттік сыйлықтың иегері осылайша Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына үн қосқысы келген.

Айта кету керек, бұл Тасарық ауылдық округінен 20-ға жуық суретші шыққан. Сол себепті бұл жерді ел арасында суретшілер мекені деп те атап кеткен. Ерболат Төлепбай ауылдастарына тағы бір тарту жасады. Ол мұнда мешіт тұрғызып, имандылық үйін ел игілігіне берді.

Ерболат Төлепбай, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері: 

- Өзіміздің елге деген, Отанымызға, тәуелсіз мемлекетімізге деген үлесімізді білдіргіміз келді. Өзім туып өскен ауылда, өзім бітірген мектепке 20 адамға премия арнағанмын. Мектептің алдына елімізге белгілі қайраткер халық суретшісі Тоқболат Тоғысбаевтың мүсінін жасауға да атсалыстым.

Хабар 24 телеарнасы