425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда оқып жатқан қазақстандық студенттер туған елге арналған флешмоб өткізді

  • 1095
  • UPD: 15:26, 02.10.2017

Қытай астанасында білім алып жатқан қазақстандық студенттер «Туған жер» биін билеп, флэшмоб өткізді.

Шара Бейжіңдегі ең танымал жердің бірі, Жазғы Олимпиада өткен стадионның саябағында ұйымдастырылды. Белсенді жастар  флэшмоб арқылы Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласындағы туған жерге сүйіспеншілік туралы айтқан ойларын қолдағымыз келді дейді. Елден жырақта жүргенде Отанға деген ыстық сезім ерекше артады, сондықтан шын көңілмен осы шараны өткіздік деп отыр. 

Ислам Есенбай, Қазақстан студенттер қауымдастығының төрағасы:

- Осындай шаралар қазақстандық студенттердің туған жерге деген сүйіспеншілігін көрсетеді және де бір-бірімізбен қарым-қатынасты нығайту үшін бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы