429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміз бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыруда Ақтөбе облысы көш бастап тұр

  • 1678
  • UPD: 11:46, 07.10.2017

Биыл өңірде жалпы аумағы 25 мың шаршы метрлік 194 коттедж бен 22 шағын қабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Ақтөбеде жұмыс сапарымен болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бағдарлама аясында салынған үйлерді аралап көрді. Бұл қоныстың ерекшелігі жаңа технологиямен аз уақыттың ішінде бой көтерді. Жаңа әрі жайлы баспана жер кезегінде тұрғандарға беріледі. Олар тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы үй бағасының 30 пайызын жинап, қалғанын несиеге рәсімдей алады. Пәтердің бір шаршы метрі 120 мың теңгеден аспайды. Яғни республика бойынша ең төменгі баға бекітілген. Бағдарламаға қатысушылардың тағы бір ұтары, үй жанында 10 сотық жері бар. Бұл жаңа ауданда 1 мың 200 оқушыға шақталған мектеп пен 300 орындық балабақша салынады деп жоспарланып отыр.

Дәурен Оразбаев, кәсіпкер:

– «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Нұр Ақтөбе» ауданынан көпқабатты және жеке тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатырмыз. Құрылыс бұйымдарының 85 пайызы – жергілікті өнім. Бағдарлама өте қолжетімді. Себебі шаршы метрдің бағасы 120 мың теңгеден аспайды. Құрылыс жоспар бойынша жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы