417,90 504.70 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда «Қазақ хандығы және тарихи аңыздар» атты кітаптың тұсаукесері өтті

  • 2564
  • UPD: 23:27, 07.10.2017

Қостанайда «Қазақ хандығы және тарихи аңыздар» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Әз Жәнібек ханнан бастап, Кенесарыға дейінгі кезеңді қамтыған зерттеу еңбектің авторы – жергілікті ғалым Алмасбек Әбсадық.

Автор бұл монографиясында үш жүзге жуық дереккөз пайдаланған. Жиналған мағлұматтар негізінде өзіндік пайым жасап, тың пікірлер айтады. Мұрағат құжаттарымен ауыз әдебиетін салыстыра отырып зерделеген еңбектің жалпы оқырманға әсіресе, филологтар мен тарихшы мамандар үшін берері мол. Тұсаукесерге жиналған алғашқы оқырман осылай деді. Кітап «Рухани жаңғыру» шеңберінде, мемлекеттік тапсырыспен бес мың дана таралыммен жарық көріп отыр.

Алмасбек Әбсадық, филология ғылымдарының докторы: 

- Қазақтың аңыздары – халықтың рухани байлығы, сол рухани байлықтан халқымыздың басынан өткен тарихын, олардың аңсаған армандарын, көксеген мұраттарын іздеп, соған үңіле аламыз. Сол арқылы еліміз нені аңсағанын, нені көксегенін біле аламыз, міне осы тұрғыдан келгенде монография тарихи шындықтың аңыздармен қарым-қатынасын, аңыздардың жанрлық ерекшеліктерін, көркемдік белгілерін ашуға құрылған.

Хабар 24 телеарнасы