419,57 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда тарихи нысандарға QR-код орнатылып жатыр

  • 1046
  • UPD: 19:32, 08.10.2017

Қостанайда тарихи, мәдени нысандарға QR-коды орналатыла бастады.

Бұл жаңа жобаны  әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінде жеңіске жеткен жергілікті жастар жүзеге асырып жатыр. Алғашқы инновациялық тақта облыс орталығындағы Ахмет Байтұрсыновтың ескерткішіне қойылды. «Quick response» «жылдам жауап» дегенді білдіреді. Оны пайдалану үшін алдымен қалта телефонына арнайы ақпараттық қосымшаны жүктеу қажет. Тақтадағы штрихкодты телефон арқылы суретке түсірсеңіз болды,  мәліметтер сайт арқылы үш тілде автоматты түрде жіберіледі. Бұл жаңалық өңірге келген саяхатшылар үшін таптырмас көмекші болғалы тұр. 

Абылайхан Кәкенов, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім жетекшісі:

- Бұл жоба осы іс-шарамен тоқтатылмай, жақын арада Ішкі саясат басқармасының бастамасымен 30 киелі нысан да, арнайы интерактивті онлайн карта  жасалатын болады. Арнайы сайтта киелі орынның шығуы, тарихы туралы ақпарат үш тілде орналастырылады.

Хабар 24 телеарнасы