412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО-да 675 шаңырақта қоныс тойы өтті

  • 794
  • UPD: 15:31, 10.10.2017

Шымкентте бір күнде 675 отбасы жаңа пәтерге ие болды.

Қоныс тойын тойлағандар қатарында мәдениет саласының, мемлекеттік және әскери органдардың қызметкерлері бар. Олардың барлығы осы уақытқа дейін жатақханалар мен жалдамалы үйлерде тұрып келген. Пәтерлер дайын күйінде берілгендіктен көбі жиһаздарын кіргізіп қойған. Жаңа көпқабатты үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде салынған. Бүгінде аймақ бойынша тағы 263 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұларға 6 мың отбасы қоныстанады деп жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы