419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында тампонажды цемент зауытының құрылысы басталды

  • 1640
  • UPD: 23:16, 20.10.2017

Қызылорда облысында Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында тағы бір кәсіпорынның іргетасы қаланды.

Енді Қызылорда облысының Шиелі ауданында тампонажды цемент өндірілетін болады. Қазақ-Қытай біріккен кәсіпорны жылына 1 миллион тонна өнім шығармақ.

Жаңа зауыт Шиелі ауданындағы индустриалды аймақта орналасады. Ол үшін 46 гектар жер телімі беріліп отыр. Тампонажды цемент өндірісінің болашағы зор. Әсересе мұнай және атом саласына аса қажет.

Ли Цзиньцин, компания басшысы:

- Шикізат қоры мен жаңа технологиялардың мүмкіндігі баға мен сапаға тікелей әсер ететін болады. Өнімге қажетті шикізаттың 98 пайызы өңірден табылады. Бұл құм, доломит, әк тасы және қиыршық тас. Тек 1-2 пайыз қоспаларды сырттан әкелетін боламыз.

Кәсіпорын жылына 1 миллион тонна тампонажды цемент өндірмек. Құрылыс барысында бұл жерде  400 адам жұмыс істейді. Ал зауыт іске қосылғаннан кейін 260 тұрақты жұмыс орны ашылады. Мамандар таяу жылдары өңір өндірісін өрге бастыратын бұдан өзге де инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр.

Жолмырза Еламанов, облыстық ИИД басқармасы басшысының орынбасары:

- Мысалы осы Шиелі ауданында, Қаратау бөктерінде ағылшын инвесторларымен ваннади өндіріліп жатыр. Биылдың өзінде соған 4,5 млрд инвестиция салынып жатыр. Енді осы 2-3 жылдың көлемінде 125 млн доллорға инвестиция салады деген келісімшартқа қол қойылды. Шалқия да өз өндірісін ары қарай бастап жатыр. Енді келер жылы Арал ауданында кальцийлендірілген сода зауытының құрылысы басталады деп жатырмыз.

Жоспар бойынша келер жылдың желтоқсан айында зауыт алғашқы өнімін шығара бастайды. «Бұл еліміздің сырт елдерден импорттайтын құрылыс материалдары көлемін азайтуға айтарлықтай ықпал ететін болады», – дейді мамандар.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Қанат Еңсебаев, Әлхайдар Тұрлыханов

Хабар 24 телеарнасы