Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шығыс Қазақстанда «Туған жер» кәсіпкерлер форумы өтеді

  • 2108
  • UPD: 15:39, 19.10.2017

Ауқымды шараның мақсаты – туған жерді түлетіп, өздері өсіп-өнген өңірдің көсегесін көгертуге ниетті кәсіпкерлердің басын қосу.

Мерей Мұратханқызы, twitter@Muratkhankyzy:

- «Туған жер» форумына 700-ден аса кәсіпкер қатысуға ниет білдіріпті. Осылайша кіндік қаны тамған жеріне жаны ашитын азаматтардың көп екеніне куә болдық. Жалпы өңірде «Туған жер» бағдарламасы аясында 1 400-ге жуық жоба қолға алынған. Олардың құны – 21 млрд теңге.

Бүгінде бұл қаражаттың тең жартысы кәдеге жарап үлгерді. Туған жеріне инвестиция құйған кәсіпкерлердің арқасында әлеуметтік маңызы бар нысандар көбейді. Олардың ең ауқымдысы Өскеменде ашылған «Нұрлы жол» саябағы. Құны 700 млрд теңгені құраған жоба бүгінде халықтың сүйікті демалыс орнына айналды. Өңірдегі ірі кәсіпорындар да сырт қалмайды. Олар бөлген 4,5 млрд теңгеге заманауи медициналық құрал-жабдықтар алу көзделген.

Шағын және орта кәсіппен айналысып отырған азаматтар да жомарттық танытып, туған ауылының гүлденуіне сеп болып келе жатқанын айта кеткен жөн.

Бүгінгі форумда олардың есімі айшықталары анық. Қазір дайындық қызу жүріп жатыр. Ұйымдастырушылар облыс үшін маңызды шараның жоғары деңгейде өткізілуі үшін барын салады.

Серік Жеңісов, «Туған жер» форумының ұйымдастыру алқасының өкілі:

- Бүгінгі форумға 700-ге жуық кәсіпкер қатысуға өтініш білдірген. Бұл адамдар біріншіден Елбасының  «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қолдау білдірсе, екіншіден туған ауылдарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға жауапкершілік сезінеді. Біз «Парыз» қорынан арнайы есепшот аштық. Онда меценаттар әлеуметтік жобалардың жүзеге асуы үшін қаражат салуына әбден болады. Кешке алғашқы болып ақша салған азаматтардың есімі анықталмақ. Бүгінгі күні 21 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Ол балабақша, аурухана мен мектептерге заманауи құрылғылар орнатуға жұмсалды.

Мерей Мұратханқызы, twitter@Muratkhankyzy:

- «Рухани жаңғыру» аясында бастау алған «Туған жердің» міндеті анық. Кәсіпкерлерді туған өлкенің, жерлестердің түлеуіне жағдай жасау. Біз оған форум барысында көз жеткіземіз деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы