419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда «Жасыл энергия» технологиясы бойынша 5 жоба іске асырылып жатыр

  • 1273
  • UPD: 22:38, 20.10.2017

Атырау облысында «Жасыл энергия» технологиясы бойынша құны 140 млрд теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылып жатыр.

Соның бірі қуаты 52 мВ-ға тең жел электр стансасының құрылысы басталды. Сәтін салса, 2020 жылға дейін аяқталуы тиіс. Жобаға 12 млрд теңге бөлінген.

Аймақта көгілдір отын ресурсы жеткілікті болғандықтан, өңір басшылығы газ электр стансасын салуды да жөн санап отыр. Сонымен қатар облыста  үнемді технологияларды пайдалынып, көшелерді электр жарығымен қамтамасыз ету, тұрмыстық қалдықтарды жинау полигоны жобалары қолға алынды. Әкімнің айтуынша, бұл жаңашыл қадамдардың бастамасы ғана.

Нұрлан Ноғаев, Атырау облысының әкімі:

- Облыста 23 жоба қарастырылған. EXPO аясында көрсетілген инвесторлардың жобаларды облыста қалай қолдануға болады? Экономикалық, ғылыми аспектілерінен бөлек, EXPO көрмесі патриоттық сезімді оятуға әсерін берді. Бұл істер Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген.

Хабар 24 телеарнасы