426,94 518.00 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда 3 мың адам бір мезетте «Қара жорға» биін биледі

  • 2417
  • UPD: 13:32, 22.10.2017

Көкшетауда ерекше флешмоб өтті. Шаһардың кіреберісіндегі Бұқпа төбе басына жиналған 3 мыңға жуық халық бір мезетте атақты «Қара жорға» биін биледі.

Осылайша, мектеп оқушылары мен студенттер  облыстық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысшылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қолдау білдіріп, іс жүзінде оны жүзеге асыруға дайын екендіктерін көрсетті. "Жастар  бай мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғыртып, насихаттауда белсенді болу керек"дейді  шараны ұйымдастырушылар. 

Нарғыз Қалымова, тарих пәнінің мұғалімі:  

- Егер біз 21-ғасырдың өз саяси орны бар егеменді ел болғымыз келсе, жастарды, отансүйгіштіке үйретуіміз тиіс. Осындай іс-шаралар жастардың рухани отанға деген сүйіспеншілігін, адамгершілік құндылықтарын жақсарутға өз үлесін тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы