419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-ның Риддер қаласында жылу жүйелері салынып жатыр

  • 778
  • UPD: 12:10, 23.10.2017

Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 3 жылу желісі стансасының құрылысы жүріп жатыр.

Жобаны жүзеге асыруға 650 млн теңгеге жуық несие берілген. Бүгінде оның жартысынан астамы игерілді. Қалада жыл сайын тұрғын үйлер салынып, жаңа шағын аудандар бой көтерді. Соған орай жылуға да сұраныс артқан еді. Сөйтіп 20 жылдан бері қордаланған мәселе мемлекеттік бағдарламаның арқасында шешімін тапты. Ал нысандар жыл соңында пайдалануға беріледі.

Татьяна Киреева, Риддер қаласындағы «Су арнасы» мекемесінің директоры:

– «Нұрлы жол» бағдарламасымен үш нысанды салуға несие алдық. 20 жылда тариф есебінен бөліп төлейтін боламыз. 2022 жылдан бастап негізгі қарызды жаба бастаймыз. Құрылыс кестеге сай жүріп жатыр. Ең бастысы халықты мазалаған мәселе шешімін тапты.

Хабар 24 телеарнасы