419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл 99 мың отбасы жаңа пәтерге қоныстанады

  • 773
  • UPD: 15:28, 23.10.2017

Инвестициялар және даму министрлігі «Нұрлы жер» бағдарламасының талаптарына өзгеріс енгізіп, тиімділігін арттырмақ.

Бұл үшін бір ай көлемінде тиісті мекеме өкілдерімен жиын өткізіп, өзекті мәселелерді талқылайды. Бүгін аталған министрлікке қарасты Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов осы жайтты хабардар етті. Оның айтуынша, қазір бағдарлама қаржысын тиімді пайдалану тетіктері қарастырылып жатыр. Айта кетейік, «Нұрлы жер» бойынша жыл соңына дейін 10 миллион 100 мың шаршы метр баспана салу жоспарланған. Бұл шамамен 99 мың пәтер. Әзірге 7 миллион 900 мың шаршы метр баспананың құрылысы аяқталды. Министрлік өкілдерінің айтуынша, қалған пәтерлер де уақытылы беріледі.

Мархабат Жайымбетов, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы:

– Несиеге берілетін үйлерге байланысты мемлекет есебінен 22 мыңнан аса пәтер салынады. Бағасы 140 мың теңге. Өңірлерде шаршы метрі 180 мың теңге. Ол Алматы, Астана және Ақтау, Атырау қалаларында. Одан басқа біз облыс орталықтарында пилоттық режимде коттедж қалашықтар салып жатырмыз. Ол жерде баға 120 мың теңге. Мұндай баға нарықта жоқ деп айтуға болады.

Хабар 24 телеарнасы