Жамбыл облысындағы Мыңарал балық зауыты өнімдерін шет мемлекеттерге экспорттай бастады
Таяуда отандық тауардың алғашқы 75 тоннасы Ресей мен Германияға жөнелтілді.
Кәсіпорын индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған. Жобаның құны – 600 миллион теңге. Жылына 1 500 тонна балық өңдеп шығаруға қауқарлы. Мұнда тауардың 4 түрі дайындалады. Өндіріс орны экспорт көлемін одан әрі ұлғайтуды көздеп отыр.
Айта кету керек, шалғайдағы Мойынқұм ауданында индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 5 жоба жүзеге асырылған.
Бақытжан Нүркенов, Мойынқұм ауданының әкімі:
- Сұраныс бар. Түркия және Украина мемлекеттерінен сұраныстар көбейіп жатыр. Жалпы зауытта 175 адам жұмыс атқарады. Оның 90 пайызы – жергілікті Мойынқұм ауданының тұрғындары.