419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында «Жерлестер» форумы өтті

  • 2090
  • UPD: 14:05, 25.10.2017

Құт қонған Қобда!

Қазақтың батыр қызы Әлия туған өлкеде «Жерлестер» форумы өтті. Аудандағы ауқымды шараға жан-жақтан 200-ден аса қонақ келді. Олар осы елдің тумалары. Осылайша Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Мақаласында айтылған игі істер Қобда ауданында көрініс тапты. Форум аясында Қобыланды, Исатай және Әлияға арналып, еңселі ескерткіштер ашылды.

Қобданың 3 жақ кіреберісінде 3 батырдың ескерткіші тұр. Қобыланды батырдың ескерткішін тұрғызуға «Туған жер» бағдарламасы аясында демеушілер көмек берген. Еңселі ескерткіштің жалпы биіктігі 11 метрге жетеді. Мыстан құйылған тас мүсіннің айналасы абаттандырылып, батыр атындағы скверде  ашылды. Кешеннің ашылу салтанатына алыстан ат артып батырдың ұрпақтары келді.

Сапар Ысқақов, Қобыланды батырдың ұрпағы:

- Ол кісінің ұрпақтары көп. Басқа елдерде де бар деп айтуға болады, таралған. Қазақтың үлкен батыры, аты аңызға айналған. Аңыздың 29 түрі бар екен. Қазақтың жерін, елін қорғаған.

Форумға жиналған жұрт «Алтай батыр» атындағы ұстаздар скверінің ашылуына куә болды. Мұнда батырға арналып биіктігі 3,5 метр болатын стелла тұрғызылған. Скверде жаз маусымында субұрқақ іске қосылады. Қобдалықтарды қуантқан тағы ірі жоба«Мәңгілік ел» деп аталған үлкен саябақ. Ортасында 21 метрлік тутұғыр, «Батырлар» аллеясы, «Тәуелсіздік» алаңы бар саябақта халықтың демалуына бар жағдай жасалған. Саябақты абаттандыру, жарықтандыру жұмыстарына кәсіпкерлер демеушілік жасаған.

Серік Әбілжанов, қоғамдық қор директоры:

- Ашылып жатқан «Мәңгілік ел» алаңы, осы рәміздер, батырларға арналған ескерткіштер, соның барлығы заманның талабына сай жаңғыру. Елбасы айтқан Рухани жаңғыру саясаты Қобда жерінде кең етек алғанына өте қуаныштымыз.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауылда Исатай мен батыр қыз Әлияға да арналып алып ескерткіш тұрғызылды. Ашылу салтанатына жиналған жұрт қос батырдың ерлігі туралы айтты. Жан-жақтан жиналған қонақтар көкпар мен бәйгені тамашалап, этно ауылды аралады.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы