389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Келесі жылдан бастап ауыл әкімдерінің өз дербес бюджеті болады

  • 752
  • UPD: 21:28, 26.10.2017

Бұл қомақты қаржыны елді мекеннің басшысы өзекті мәселелерді шешуге жұмсайды.

Оған қоса мемлекеттік сатып алуды да өздері өткізеді. Бұл туралы бүгін Шымкентте өткен «Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу» тақырыбындағы форумда айтылды.

Жиынға Алматы, Жамбыл және Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстарынан 400-ден астам ауыл әкімі қатысты. Бұрын ауылдағы қордаланған мәселені шешу үшін әкім ауданға қол жайып қарап отыратын. «Енді мұндай мәселе болмайды»,дейді еліміздің Ұлттық экономика министрінің орынбасары Айбатыр Жұмағұлов.

Жергілікті жердің қыр-сырын жақсы білетін басшы қаржыны мақсатты жұмсауға тырысады. Өйткені мемлекет қаржысының әрбір тиынын елді мекендерде құрылған қоғамдық комиссия қадағалап отырады. Бұл Ұлт жоспарында айтылған 98-қадамның нақты жүзеге асуына сеп болмақ.

Айта кетейік, аталған дербес қазынаға Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2 мыңнан аса тұрғыны бар 175 ауылдық округтің әкімі қол жеткізетін болады.

Айбатыр Жұмағұлов, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

- Ауылға қажетті шығындарды, яғни бюджетті сол ауылдың әкімі жергілікті қауыммен келісе отырып бекіте алады. Ол ауылды көгалдандыру, абаттандыру, жол салу, балабақшаларды жарықтандыру мәселелері бойынша шығындарды өз құзіретінде ауыл ақсақалдарымен келісе отырып жұмсай алады.

Хабар 24 телеарнасы