419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғалымдар: Латын әліпбиі бауырлас елдердің басын қосатын маңызға ие

  • 1706
  • UPD: 22:00, 28.10.2017

Рухани жаңғыруда тұлғалар тағылымының мәні зор.

Бұл туралы бүгін  Ғылым академиясында қоғам қайраткерлері, түркітанушы ғалымдардың қатысуымен өткен дөңгелек үстелде айтылды. Түркі дүниесіне ортақ мол мұра бауырлас елдердің басын қосатын, ынтымақтастықты арттыратын маңызға ие. «Әсіресе тарихи тамырымызға бір қадам жақындататын латын әліпбиі қабылданып жатқан тұста арадағы ғылыми байланыстарды нығайту да өзекті», дейді жиынға қатысушылар.

Басқосу барысында Түркі академиясының ғылыми жобалары негізінде жарық көрген жаңа еңбектер таныстырылып, белсенді ғалымдар қазақ руханиятына қосқан үлесі үшін марапатталды. Олардың қатарында 1994 жылы латын әліпбиі жөнінде Түркияда өткен жиынға қатысып, алғаш ұсыныстар әзірлеген академик ғалым Әбдуәли Қайдар да бар.

Әбдуәли Қайдар, академик:

- Мен конференцияға қатысып, қайтып келгеннен кейін латын алфавитін түркі халықтары қабылдайтын болды деп хабарланған соң, ашық хат жазып, Президентке жеткізген едім. Өз уақытында асығыс болды да, кейінірек шығарамыз деген.

Дархан Қыдырәлі, Түркі академиясының басшысы:

- Меніңше, негізгі жұмыс енді басталып жатыр. Бірінші саяси шешім қабылдады. Елбасы Жарлыққа қол қойды. Бұдан кейін оны қабылдау механизмдері, үйрету, сонымен қатар емле қалай қабылданады, тілшілерге, лингвистерге өте көп жұмыс жүктеліп отыр. Себебі латынға көшу бұл сананы сілкіндіретін, қоғамдық рухани өмірімізге үлкен елеулі жаңалық әкелетін аса ауқымды тарихи оқиға.

Хабар 24 телеарнасы