425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстауда «Үлгілі ауыл» байқауы ұйымдастырылды

  • 2136
Маңғыстауда «Үлгілі ауыл» байқауы ұйымдастырылды

Маңғыстауда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Үлгілі ауыл» байқауы өз мәресіне жетті.

Ауылдық елді мекендерде адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатында Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен өткізілген бұл конкурсқа тұрғылықты халық саны 3 мыңнан асатын және 3 мыңнан аз ауылдар қатысты. Аудан ішінен үздік деп танылған ауылдар облыстық байқауға ұсынылды.

Әр ауылда тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін жасыл архитектура жоспары жасалып, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Мысалы өңірдегі су тапшылығына қарасмастан Таушық ауылында аумағы 3,2 гектар орталық саябаққа 900 түп ағаш отырғызып, баптап келеді. Сондай-ақ көше бойына 672 электр шамы орнатылып, толық жарықтандырылған.

Арнайы жасақталған жұмыс тобы байқауға ұсынылған 8 ауылды аралап, олардың ерекшеліктері бойынша анықтама әзірледі.

Байқау шартына сәйкес жеңімпаз атанған ауылдар сыйақының 80%-ын көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына жұмсауы тиіс. Ал 20%-ынан аспайтын мөлшерде ауыл нысандарын көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына үлес қосқан заңды және жеке тұлғаларды марапаттауға ұсынылды. Аталмыш байқау жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін болады.

Ақпарат көзі: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы