419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында ауыл балаларына арналған «Бір апта қалада» жобасы жүзеге асырылып жатыр

  • 2916
  • UPD: 09:32, 03.11.2017

Ақмола облысында ауыл балаларына арналған «Бір апта қалада» атты айрықша жоба жүзеге асырылып жатыр.

Шараны облыстық білім басқармасы қолға алыпты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» бағыты бойынша өткізіліп жатқан саяхатқа аймақтың 5 ауданынан 50-ден астам жоғары сынып оқушылары келген. Олар бір апта бойы Көкшетау қаласының көрікті жерлерін тамашалап, мәдениет ошақтары мен зауыт-фабрикаларын аралайды.

Жалпы саяхат барысында балалар бас-аяғы 15 шақты нысанның жұмысымен танысады. Одан бөлек соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесу жоспарланған. Ал Бурабайда оқушылар екі күн бойы курортты аймақтың табиғатын тамашалап, тарихымен терең танысады.

Гүлраушан Мұхамеджанова, Сәуле ауылдық орта мектебінің оқушысы:

- Мен Көкшетауға бірінші рет келдім. «Рухани жаңғыру» атты экскурсияға келдім. Мұнда мені қызықтырғаны музей және театр. Театрда жаңа актерларды көрдім. Олармен суретке түстік. Кеше мен актерларды көріп, актер болғым келді. Олардың қойылымдарын көрдім.

Арман Өмірзақов, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының жетекшісі:

- Алдағы уақытта тағы бір жоба бар. Ол жобаның аты – «Бір апта ауылда». Қала балаларына арналған. Оны желтоқсан айында өткіземіз. Онда балалар ауылға барып, ауыл шаруашылығымен танысып, осы тұрмысты көреді. Қала балаларына ауылдың тұрмысы қалай орналасқан, қалай дамығандығы таныстырылады.

Хабар 24 телеарнасы