419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда кезекте тұрған 120 адам баспаналы болды

  • 855
  • UPD: 08:12, 03.11.2017

Қостанайда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған екі көп қабатты үй пайдалануға берілді.

Пәтер кілтін алғандардың дені – мемлекеттік бағдарламаға қатысқан салымшылар, яғни қарапайым жұмысшылар мен әлеуметтік сала қызметкерлері. «Нұрлы жер» облыста құрылысқа серпін беріп, инфрақұрылымды жақсартты. Атап айтқанда, Қостанай қаласында жаңадан бой көтерген «Әуежай» мөлтек ауданында 41 үй салу жоспарланған еді. Аз ғана уақытта соның 16-ның құрылысы аяқталып, халық игілігіне берілді. Абаттандыру жұмыстары да назардан тыс қалмаған.

Архимед Мұхамбетов, облыс әкімі:

– 12 үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр және жетеуін жақын арада бастаймыз. Одан басқа әлеуметтік нысандардың құрылысы жоспарланған болатын. 900 орындық мектеп құрылысы жүріп жатыр, осы жерде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында үлкен спорттық нысан салынып жатыр, ол да жақын арада халықтың игілігіне пайдалануға беріледі.

Гүлім Шамбулаева, пәтер иесі:

– Отбасымызбен 10 жыл бойы күтіп жүрген едік, бүгін ерекше күн болды. Өте қуаныштымыз. Газы да келіп тұр, жолы тартылған, үй өте кең, 80 шаршы метр.

Хабар 24 телеарнасы