419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақпараттық насихат тобының мүшелері жаңа әліпбиге қатысты ойларымен бөлісті

  • 1013
  • UPD: 21:43, 06.11.2017

Дүние жүзінде латын әліпбиін 4 млрд 300 млн адам пайдаланады.

«Әлем халқы бет бұрған латын қарпіне көшу – әлемдік үдеріске бір табан жақындау», – дейді Оңтүстік Қазақстан облысына ат басын бұрған республикалық ақпараттық насихат тобының мүшелері. Әуелі Күнгейдің жастарымен, сосын зиялы қауыммен кездескен олар «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы туралы ой өрбітті. Ондағы мемлекеттік, ұлттық мәселелердің шешімі туралы айтылды.

Басқосуға келгендер жаңа әліпбиге қатысты да ойларын ортаға салды. «Латынға оралу – саяси қадам, оңды шешім әрі тарихи оқиға. Латын әліпбиі арқылы біз түркі халықтарына тілдік тұрғыдан жақындауға мүмкіндік аламыз әрі  рухани кемелдене түсеміз», – дейді жиынға қатысушылар.

Ақберен Елгезек, ақын, ақпараттық насихат тобының мүшесі:

- Елдің бәрі латын әліпбиіне көшуді қолдап отыр. Көптеген жақсы ұсыныс айтылды. Латын әліпбиін айтатын болсақ, бұл біздің қазіргі Мемлекеттік рәміздеріміз сияқты дүние ғой. Латын әліпбиін қабылдау Конституцияны қабылдаумен бірдей.

Әміржан Қосанов, саясаттанушы, ақпараттық насихат тобының мүшесі:

- «Қоғам латын әліпбиіне көшеміз бе, көшпейміз бе?» деудің орнына латын әліпбиіне көшеміз, бірақ қай нұсқасын қабылдаймыз? Қай нұсқасы халыққа жақындау деген тұрғы да пікірталас жүріп жатыр. Өз басым осындай пікірталастың Астана, Алматыда ғана емес, жергілікті жерде болғандығын қолдаймын. Себебі «келісіп пішкен тон келте болмас» деген. Егер латын өркениеттік тренд болса, онда  біздің Қазақстанның бренді болуы керек деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы