419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында «Patriot Qazaqstan» атты спорттық реалити-шоу басталды

  • 1189
  • UPD: 12:47, 15.11.2017

Алматы облысында «Patriot Qazaqstan» атты спорттық-патриоттық бағыттағы реалити-шоу басталды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан бұл шараға қатысуға  әр ауданнан 18 бен 22 жас аралығындағы 70-75 келі салмақта өнер көрсететін 16 боксшы таңдап алынды. Талап бойынша қатысушылар  спорт шеберлігіне үміткер болуы тиіс. Аталған реалити-шоу екі аптаға созылады. Жеңілгендер бірден жарыс жолынан шығып қалады. Соңында барлық сыннан сүрінбей өткен екі боксшы жұдырықтасып, кімнің жеңімпаз атанатынын анықтайды. Жоба  өз кезегінде спортты дамытуға оң ықпал етеді. Сондай-ақ патриоттық сананы оятып, жастарды терроризм мен экстремизмге қарсы бірлесіп күресуге үндейді. Ал жеңімпаз АҚШ-қа барып, Геннадий Головкин, Қанат Ислам сияқты әлемді мойындатқан қазақ боксшыларымен кездесуге мүмкіндік алады. Жоба авторлары осылай дейді.

Бағдат Науқанов, жоба авторы:   

- Мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, жалпы жасөспірім спортшылардың бокспен айналысуына қызығушылығын арттыру болып табылады. «Patriot Qazaqstan» реалити-шоуына бокстан үлкен дәрежеге жеткен көптеген аға буындарымызды шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы