389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында мемлекеттік бағдарлама бойынша жаңа мамандықтар меңгеріледі

  • 600
  • UPD: 12:27, 15.11.2017

Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы агротехникалық колледжіне құны 9 млн теңге тұратын оқыту кешені орнатылды.

Жаңа қондырғы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында сатып алынды. Енді оқу орны облыстағы шаруа қожалықтарының тапсырысы бойынша тамшылатып суару машиналарына операторлар мен механизаторлар даярлайды. Облыс көлемінде суармалы алқаптар көлемі жыл санап артып келеді. Сондықтан заманауи техникамен жұмыс істейтін мамандардың қатарын арттыру уақыт талабы. Ең бастысы қайта даярлаудан өткендер жұмыссыз қалмайды. Тамшылатып суару технологиясын  барлық шаруашылық қолданады. Әзірге Ақтоғай агротехникалық колледжі осындай қондырғыға қол жеткізген аймақтағы жалғыз өндірістік оқу орны.

Октябрь Жұбайхан, Ақтоғай аграрлық техникалық колледжі директорының орынбасары:

- Ауданның аргарлық секторының сұранысына байланысты бізде 10 адам осы тамшылатқыш қондырғы операторы мамандығы бойынша білім алды және 15 адам трактор жүргізушісін оқыды. Ауыл шаруашылығы тракторисі бойынша 15 адам осы қайта даярлау курсын тәмамдап бітірген болатын. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторисі мамандығы бойынша тәлім алған курсанттар қазір осы аудан бойынша жеке шаруа қожалықтарына, фермерлік қожалықтарға жұмысқа алынды.

Асылхан Манкеев, Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары: 

- Бізде былтыр 2 мың 900 гектар болса, биыл тағы да 672 гектар қостық. Келесі жылға тағы да 1 мың 720 гектарды дайындап отырмыз. Жылдан жылға көлемі үлкейіп келе жатыр жаңа құнарлы жұмыстарды жасау егістіктерде. Сол жұмыс ары қарай жалғаса береді.

Хабар 24 телеарнасы