384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отырар мен Арыстанбаб кесенесі арасындағы жол ұлттық нақышта безендіріледі

  • 1122
  • UPD: 12:36, 15.11.2017

Оңтүстік Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде бірнеше аудандағы тарихи орындар жаңғыртылады. Мәселен, өңірде осыған қатысты 66 жоба қолға алынып, 121 іс-шара өткізілетін болады.

Оларды іске асыруға 2022 жылға дейін 16,2 миллиард теңге бөлу қарастырылған. Бұл туралы ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдері бас қосқан жиында айтылды. Өңір басшысы Жансейіт Түймебаев бүгінге дейін атқарылған жұмыстарға баға беріп, келешек  жұмыс жоспарымен бөлісті. Алдағы уақытта Ордабасы тауында  үш биге арнап, монумент орнатылып, туристік инфрақұрылым жұмыстары жүргізілмек. Сондай-ақ Қазығұрт тауына да ерекше бетбұрыс жасалады. Таудың ұшар басына Кеме қалған ескерткіші орнатылып, айналасы әспеттеледі. Ал Отырар мен Арыстанбаб кесенесі арасындағы жол ұлттық нақышта безендірілмек. Ал Сайрамдағы Хан-қорған қалашығы ашық аспан астындағы мұражайға айналады.

Мархабат Байғұт, жазушы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: 

- Рухани жаңғыру деген ол, біреу жаңғырмау керек. Әлде кімдер жаңғыртпау керек. Әрбір адамның өзі жаңғыруы керек. Рухани жаңғыру оңай емес. Ол үлкен күш жігерді талап етеді. Береке басы – бірлік деген дөңгелек үстелдің де өзінің мақсаты сол деп ойлаймын.

Иманәлі Байдәулет, Шымкент қаласының құрметті азаматы:

-Үлкен эконмика, үлкен ауыл шаруашылығы, кәсіпорындар болмай Рухани жаңғыру болмайды. Осындай іс-шараның көп болғандығы халықтың рухын көтереді. Бірлікке шақырады. Сондықтан бір болайық, бай болайық.

Хабар 24 телеарнасы