386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары «Ұлт жоспарының» орындалу барысын талқылады

  • 572
  • UPD: 22:51, 16.11.2017

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, халық саны 2 мыңнан асатын ауылдық елді мекеннің өз бюджеті болады.

Мәжіліс депутаттары мен «Нұр Отан» партиясы фракциясының басшылары «Ұлт жоспарының» 98-қадамын жан-жақты іске асыру барысын талқылады. Басқосуда  4-деңгейдегі бюджет пен коммуналдық меншікті іске асыруға айрықша мән берді. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар жылжымалы және жылжымайтын мүлікті рәсімдеу мен мемлекеттік тіркеу бойынша жұмыс жүргізіп отыр. 897 ауыл әкімі форумдарға қатысып, бюджет процесіне қатысты тиісті ақпаратқа қаныққан. Талқылау қортындысы бойынша отырысқа қатысушылармен бірге кеңестің ұсыныстары енгізілді.

Марат Бопазов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

- Мысалы, ауылдық жерде бір карьер болатын болса оның бәрі облыстың бюджетіне немесе республикалық бюджетке түсіп отырған болатын. Сондықтан қазіргі кезде әкімдердің өздерінің жергілікті бюджетіне түсуге соған қолғабыс етеді. Келешекте 2018 жылдың 1 қаңтарынан басталады, оның жалғасы 2020 жылдан бастап, басқа 2 мыңнан төменгі іс-шараларға кіреді.

Хабар 24 телеарнасы