389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік жоба қолға алынды

  • 1265
  • UPD: 22:02, 19.11.2017

Ақмола облысының Ақкөл ауданында жергілікті кітапханашылар мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Еңсеру» жобасын қолға алды.

Ондағы мақсат – мүгедек жеткіншектердің шығармашылық қабілеттерін дамытып, оқу-білімге баулу. Басқа да балалармен араласуына жағдай жасап, осы арқылы оларды қоғамға бейімдеу.

«Әлем бәрімізге ортақ» деген ұранды ұстанатын бұл жобаға қазірдің өзінде 15 бала қатысып жүр. Алдағы уақытта шараға аудандағы 70-ке жуық мүмкіндігі шектеулі баланы тартып, түрлі іс-шаралар өткізу жоспарда бар. Мұндай әлеуметтік жобаны аудандық кітапхана ұжымы жергілікті бюджеттен ешқандай қаржы сұрамай-ақ, өздері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тегін жүзеге асырмақ.

Әйгерім Түменбаева, Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі:

- Тек қана кітапханамен шектелмей, оларды басқа да жұмыстармен қамту. Қолөнерге жақындатып, ән, би өнерлерін үйретеміз. Сонымен қатар өздерінің басқа да шығармашылық ойлары, әр баланың өзінің өнері, шығармашылығы бар. Олар үйде отырып, ешкімге көрсете алмайды да.

Хабар 24 телеарнасы