388,93 435,25 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АӨК-ті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы нәтиже бере бастады

  • 1034
  • UPD: 11:31, 22.02.2018

Жыл басынан іске асырыла бастаған агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы нәтиже бере бастады.

Бұл жайында Ауыл шаруашылығы министрлігінің бүгінгі алқа мәжілісінде айтылды. Ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімінің көлемі биылғы тоғыз айдың ішінде өткен жылғыдан 2,1%-ға өсіп, 3,6 трлн теңгеге жетті. Азық-түлік өнімдерінің өндірісі өсті. Аталған салаға салынған инвестиция 51,6%-ға артқан. Агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты да ұлғайды. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдері алғаш рет Біріккен Араб Әмірліктеріне, Иранға экспортталып жатыр. Шағын несиелердің пайыздық өсімі 6 пайызға дейін азайтылды. Ал қолданыстағы субсидиялау тетіктерін қайта қарау 55 млрд теңге бюджеттік субсидияны үнемдеуге мүмкіндік береді.

Айдарбек Сапаров, СҚО әкімінің бірінші орынбасары

– Биылғы жылы субсидияны өздеріңіз білесіздер, үлкен өзгерістер болды. 11-і қысқартылып, басқа бағдарламаларға жіберілді. Соның арқасында биыл бірінші рет элиталы тұқымға субсидия төленді. Сондықтан биыл элита тұқымы екі есе көбейді. Соның арқасында биыл көп өнім алдық.

Дамир Қалдыбаев, «ҚӨШСҒЗИ» директоры: 

– Ауыл шаруашылығын субсидиялау саласында үлкен өзгерістерді көріп отырмыз. Атап айтқанда, биыл элиталы тұқым субсидиялана бастады. Бұл – өнімнің сапасының артуына, түсімінің молаюына оң ықпал етті. Мемлекеттік бағдарлама аясында министрлік әр саланың даму карталарын әзірледі. Осы карталар бойынша тұқым шаруашылығының техникалық қайта жарақтандырылуына ерекше көңіл бөлінгені қуантады.

Хабар 24 телеарнасы