411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да «Туған жер» бағдарламасы аясында түлектер форумы өтті

  • 2072
  • UPD: 12:27, 21.11.2017

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында «Туған жер» бағдарламасы аясында түлектер форумы өтті. Оған 500-ден астам адам қатысып, өздері түлеп ұшқан мектептеріне қаржылай қолдау білдірді. Зейнеткерлер мен кәсіпкерлер әртүрлі сала мамандары ізгі шарадан тыс қалған жоқ. Жиналған қаражатқа робототехникалық сыныптар сатылып алынбақшы.

Болат Көкенайұлы, тілші:

- Тарбағатай ауданында 50-ден астам мектеп бар. Олардың 8-і соңғы жылдары салынған. Тағы біреуінің құрылысы келесі жылы аяқталмақ. Ал білім ордаларын күрделі жөндеуден өткізуге мемлекеттен 500 миллион теңгеден астам қаражат бөлініпті.

Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған форум ауданның 2 ірі елді мекені, Ақжар және Ақсуат ауылдарында өтті. Жиынға қатысушылар Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы елді бірлік пен берекеге шақырып отырғанын, онда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару керек деді. Осыдан жарты ғасыр бұрын Жетіарал ауылындағы мектепті тамамдаған қоғам қайраткері Түсіпхан Түсіпбеков те форумға құр алақан келмепті.

Түсіпхан Түсіпбеков, форумға қатысушы: 

- Биылғы жылы жаңа мектепте оқып жатыр балалар, бұл мемлекеттің, Елбасының жасап жатқан қамқорлығының, оның саясатының жақсылығын бірінші кезекте сол жердегі жастар мен балалар түсіну керек. Келген сайын бір жақсы істің куәсі болып қайтып жатамыз, оған көңіліміз марқайып жатамыз. Осы акция аясында біз 300 мың теңгені сол мектепке өткізіп қайттық. 

Туған ауылынан жырақта жүрсе де өз мектебінің түлеуіне үлес қосып жатқандар аз емес. Бірі құрал-жабдық әкеліп орнатып жатса, енді бірі қаржылай демеушілік көрсетуде.

Ділдәбек Оразбаев, Тарбағатай ауданының әкімі: 

- Негізінен жәрдем беріп жатқан сыртта жүрген біздің жерлестеріміз. Бұл әркімнің өзінің еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі. Алды 70-ке келген ақсақалдарымыз келіп жатыр. Сол мектепті бітірген едім, кішкене болсын жәрдем берейін деп едім деп. Сондықтан бұл уақытында істеліп жатқан дүние. Көптеген қаражаттар келіп түседі. Біз соны қазіргі заман талабына сай келетін Назарбаев Зияткерлік Мектебінде қолданылып жатқан жаңа технологиялар мен робототехникаларды осы балаларға құрып берсек деген нитеттеміз. 

Форумға жиналғандар «Туған мектеп» жобасы аясында 75 миллион теңгеден артық қаражат жинапты. Бұдан бөлек ауылдарына «жол салып, әлеуметтік нысандар ашамыз» дегендер де аз болған жоқ. 

Авторлары: Болат Көкенайұлы, Медет Өмірханов, Берік Жобалайұлы

Хабар 24 телеарнасы