411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да ақын Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдығы кеңінен тойланды

  • 1256
  • UPD: 16:07, 21.11.2017

Шығыс Қазақстандағы Көкпекті ауылында ақын, публицист Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдығы кең ауқымда тойланды. Жарма ауданында туса да, Көкпекті жеріне еңбегі сіңген азаматты халқы ұмытпайды, керісінше, ұлықтайды.

Соның дәлелі болар ауылдастары өз қаражатына мүсін орнатып, ұрпаққа үлгі етті. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен ақынның шәкірттері мен көз-көргендері көп жиналды. Бұл күні «Туған жер» бағдарламасы аясында  аудандық өлкетану музейінен арнайы зал да ашылды. Онда  Қалихан Алтынбаевтың өзі пайдаланған заттары мен шығармаларынан 300-ге тарта жәдігер жинақталған. Ақынның 30-ға жуық айтысы ел есінде. Сол себепті 1947 жылдан бері қолынан бір сәт түспеген қара домбырасы музей төрінен орын алды. 10-нан аса кітабы да ұрпаққа мұра.

Клара Смаилова, Көкпекті аудандық өлкетану музейінің қор сақтаушысы:

- Жеті жыл бұрын мұражай ашылған болатын. Бір бұрыш сол кісінің еңбегіне, творчествосына арналған. Енді бүгін 300-ден астам экспонат жинап отырмыз. Бұл экспонаттарды осында жеткізу құру жұмыстарына отбасы Қалыбай және келіні Үміт көп үлестерін қосты.

Құралай Төлебаева, филология ғылымдарының кандидаты: 

- Ең алғаш Қалихан Алтыбаевтың ақындық талантына зор баға берген ғалым, әдебиетші Есмағанбет Смайылов айтады: «Қалихан жазып та, суырып салып та өлең шығаратын жас талант иесі. Қалиханның ақындығы Исаны еске түсіреді» деп баға берген. Міне, содан бастап, Қалихан айтыстары, жыр шумақтары бүкіл республикаға танымал болды.

Хабар 24 телеарнасы