379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл басынан бері елімізде 8 миллион 800 мың шаршы метр пәтер қолданысқа берілді

  • 673
  • UPD: 20:00, 23.11.2017

Көрсеткіш өткен жылдың дәл осы аралығымен салыстырғанда, шамамен 10 пайызға артық.

Бұл жөнінде Парламент Сенаты «Өңір» депутаттық тобының бүгінгі жиынында белгілі болды. Басты тақырып «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру тетіктері. Оның ішінде пайда болған көкейкесті мәселелерді реттеп, баспананың қарапайым жұртқа барынша қолжетімді ету жолдары талқыланды. Әсіресе екінші деңгейлі банктер арқылы берілетін ипотекаға қатысты сұрақ көп. Сонымен қатар бағдарлама аясында берілетін жердің ұзын сонар кезегі де сөз болды.

Мұрат Бахтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Осы мәселелерде кезек өте көп. Біздің есеп бойынша әр өңірлерде әртүрлі мәліметтер келеді. Бір жерлерде 200 мың адам десе, екінші облыста басқаша жағдай. Сондықтан осылардың барлығына мониторинг жасап, тәртіпке келтіру керек.

Хабар 24 телеарнасы