379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО: Шемонаиха қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасымен су құбыры тартылып жатыр

  • 1071
  • UPD: 11:48, 27.11.2017

Шығыс Қазақстанда соңғы бес жылда «Ақ бұлақ» және «Нұрлы жол» бағдарламасымен 37 млрд теңге бөлініп, 110 сумен қамту нысаны салынған.

Биыл олардың қатары тағы 47 жобамен толықты. Бір ғана Күршім ауданындағы Боран және Қалжыр ауылының тұрғындары «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша орталықтандырылған суға қол жеткізді. Жоба құны 652 млн теңге тұрады. Ал Шемонаиха ауданында Новоильинка, Рулиха және Красная Шемонаиха ауылдары биыл 100 пайыз таза сумен қамтылды. Аудан орталығында да 282 млн теңгенің жобасы жүзеге асырылып жатыр.  

Бақытжан Молдаханов, Шемонаиха ауданының әкімі: 

- «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы аудан орталығы Шемонаиха қаласында тағы да су құбыры салынып жатыр. Ол жаңадан салынып жатқан ықшам аудан №5. Жоба биыл және келесі жылы жүзеге асатын болады. Өйткені жобаның құрамына су құбырын салу, кәріз жүйесін салу және жаңбыр суын ағызу жұмыстары жасалып, биыл және келесі жылы толығымен орындалатын болады.

Хабар 24 телеарнасы