379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы саммитте еліміздің даму бағыттары талқыланды

  • 982
  • UPD: 09:06, 06.12.2017

Тәжірибелі 60 маман алматылық жастардың басын қосып, шеберлік сырымен бөлісті. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан жастар саммитінде еліміздің дамуындағы басым бағыттар талқыланды.

Қатысушылар ішкі туризм, заманауи Қазақстан мәдениеті, туған жер, көшбасшы болу жолдары және болашақ энергиясы туралы ойларын ортаға салды. Бұл салаларға жастардың нақты қосар үлесі туралы айтылды. Жиын барысында дарынды студенттердің жұмыстарына арналған  көрме ұйымдастырылды. Сондай-қа түрлі тақырыпта  шеберлік сабақтары өтті.  

Алина Нұрғазиева, саммитке қатысушы: 

- Мұнда көптеген алаңдар ашылған. Ол бір ғана тақырыпта емес әртүрлі тақырыпта өтіп жатыр. Туған жер, туризм, роботтехника тақырыбы сынды барлық жақтан алынып жатыр. Бізге жан-жақты үйретіп, көрсетіп, көптеген нәрселерді үйреніп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы