379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда кітап оқу күніне мыңнан астам адам оқушы қатысты

  • 1464
  • UPD: 09:05, 06.12.2017

Атырау өңірінде кітап оқу күні өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға мыңнан астам мектеп оқушысы қатысты. Ұстаздар қауымы осындай шаралар арқылы өскелең ұрпақты кітап оқуға баулымақ.

Тоғызыншы сынып оқушысы Асылай мектептегі кітапхананың тұрақты оқырманы. Ол қазақ классик ақын-жазушыларынан бастап шетел әдебиетін де сүйіп оқиды. Болашақта журналист болғысы келеді.  

Асылай Қайдар, Атырау қаласы №2 орта мектептің 9 сынып оқушысы:

- Менің қазіргі оқыту бағдарламама байланысты мұндағы кітаптардың көп көмегі тиеді. Мен қосымша уақытымды бөліп осы кітапханаға келіп көптеген кітаптарды оқимын. Қазіңргі алған кітамбым М. Әуезовтың «Қорғансыздың күні» кітабы. Себебі мен М. Әуезовтың қандай шығармалар жазғанын, оның жанры жағынан өте жақсы көремін және де кітапты оқу барысыныда мен М. Әуезовты оданы ары қарай жақсы дамытып сол кісі туралы білгенімді қаладым.

Соңғы жылдары оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы арта түсті дейді мамандар. Бүгінгі шаралар да кітап құмарлардың қатарын арттыратыны сөзсіз.

Зылиха Есенғалиева, мектеп кітапханасының меңгерушісі:

- Оқушылар қажетті кітабын өздері таңдайды және үйге алу мерзіміне де шектеу қоймаймыз. Бүгінгі акцияға қатысқан мұғалімдер мен оқушылар көпшіліккке үлгі болды.  Кітап дегеніміз рухани байлық. Кітап оқу арқылы біз жан дүниемізді кеңітіп, жеке сөздік қоры мен  білім қорын толтықтырып отырамыз.  

Кітап оқырмандарына арналған алғашқы акция сәтті өтті. Оқушылардың көпшілігі оқып аяқтап үлгермеген кітаптарын үйге алып кетті. Мұндай танымдық пайдасы мол шаралар енді алдағы уақытта әр апта сайын ұйымдастырылатын болады.    

Авторлары: Бекен Әлирахым, Әзілхан Уахитов, Амантай Мәтенов

Хабар 24 телеарнасы