389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Денсаулық» бағдарламасы аясындағы шаралар көңіл көншітпейді

  • 1706
  • UPD: 10:56, 22.02.2018

Еліміздің кейбір аймақтарында «Денсаулық» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарда кемшілік бар.

Әсіресе өлім-жітімді азайту,  оның ішінде ана өлімін болдырмауға қатысты шаралар көңіл көншітпейді. Денсаулық сақтау министрі бірқатар облыстық басқарманың жұмысын сынға алды.

Елжан Біртанованың айтуынша, дәрігерлер ауруды ерте бастан анықтаса да, кісі өлімі азаймай отыр. Науқастар көбіне тыныс алу органдары мен жүрек-қан тамыр аурулары, сондай-ақ қатерлі ісік пен жарақаттан жазылмай көз жұмады. 

Министр сала қызметкерлерін жүйелі түрде жұмыс істеуге шақырды. Басқа өңірлердегі әріптестерімен тәжірибе алмасу қажет екенін де атап өтті. Сонымен қатар Елжан Біртанов аймақтағы барлық денсаулық сақтау мекемелеріне жыл аяқталғанша тез арада әлеуметтік желілерде ресми парақша ашуды тапсырды. Онда дәрігерлер азаматтардың өтініштеріне жауап беретін болады. 

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

– Мен әлеуметтік желілермен жұмыс істеу  туралы ұсынысты қолдаймын. Мүмкін тиісті нормативтік құжат керек болар.  Денсаулық сақтау органдарының, аумақтық ведомстволардың және медициналық мекемелердің, яғни барлығының  ресми парақшасы болуы тиіс.  Әрине жеке аккаунттардың барлығын сүзгіден өткізу мүмкін емес. Десе де, мекеменің парақшасына хабарлама келіп түссе, оны тіркеп жауап беруге тиіссіздер.

 

Хабар 24 телеарнасы