389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО: Аягөз қаласында 600 орындық жаңа мектеп салынып жатыр

  • 1443
  • UPD: 22:12, 10.12.2017

Аягөз қаласының «Оңтүстік» шағын ауданында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 600 орындық жаңа мектеп салынып жатыр.

Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен бір миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген. Құрылыс жұмыстарына 120 адам тартылған. Олардың дені жергілікті тұрғындар. Тозығы жеткен ескі мектепке бала сыймай, бұл мәселе көптен бері көтеріліп келе жатқан болатын. Оның үстіне шағын аудандағы халық саны да жыл өткен сайын артып келеді. Бұл қалада салынып жатқан екінші білім ордасы.

Манарбек Ыбышев, құрылыс прорабы:

- Темір бетон бұйымдарының бәрін біз Семейден аламыз. Кірпішті де Семейден, қызыл кірпішті Аягөз зауытынан аламыз. Қазір бәрі бар, материалдар әкелінген, осында тұр. Жұмысшылар жұмыс істеп жатыр. 2018 жылы маусым айында толық бітіреміз.

Хабар 24 телеарнасы