389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында бірнеше нысан ел игілігіне берілді

  • 1800
  • UPD: 11:42, 15.12.2017

Ел тәуелсіздігінің 26 жылдығы қарсаңында Шымкент қаласында бірнеше нысан ел игілігіне берілді.

Миллионға жуық тұрғыны бар шаһарда су жаңа 1 200 орындық мектептің құрылысы аяқталып, тапсырылды. Дәл осы әкімшілік-іскерлік аумақта бүгін 558 отбасы жаңа пәтерге жайғасып, қоныс тойын тойлады.

Нұрбек Байбосын, Twitter @nurbek.batir:

- Бүгін Шымкентте заман талабына сай жабдықталған №130 жалпы орта мектебінің тұсауы кесілді. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған оқу ошағында алдағы уақытта екі мыңнан астам оқушы білім алатын болады. Ал облыс бойынша білім беру саласында осы жылы 82 нысанның  құрылысына 29,8 млрд теңге көлемінде қаржы бөлініп, құрылыстары жүріп жатыр. Осы жылдың өзінде 32 нысанды тапсыру жоспарланған. Ал қалған 50 мектептің құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталмақ. Шаһарда жалпы 132 білім ұясы бар. Оның үшеуі үш ауысымды мектептер санатына жатады. Шымкенттегі мектептердің бүгінгі жай-күйі туралы толық ақпаратты қалалық білім бөлімінің басшысының орынбасарынан сұрап, білсек. Ғабит Тұрсынбайұлы, жаңадан бой көтеріп отырған бұл мектеп үш ауысымды оқу ордаларының азаюына қаншалықты жол ашады?

Ғабит Тұрсынбайұлы, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:

- Әрине, жол ашады. Үш мектеп деп айтып кеттім. Бұл «Нұрсат» мөлтек ауданы – дамып келе жатқан мөлтек аудандардың бірі. Бүгінге дейін мұнда тек бір ғана, №80 мектеп жұмыс істеп келді. Ол мектепте 4 200-ден астам бала оқиды. Енді оның жартысы осы жаңа мектепке ауысады. Білім осы мектепте жалғастырады. №80 мектеп. Оның мәселесі шешілейін деп тұр. «Таскен» мөлтек ауданындағы мектеп 2018 жылы пайдалануға беріледі. №87 мектептің жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр. Ол 2019 жылы пайдалануға беріледі. Солайша үш ауысымды мектеп жойылады.

558 отбасы баспаналы болды

Еліміздің басты мейрамы қарсаңында жергілікті тұрғындарға тағы бір тамаша тарту жасалды. Шымшаһарда бүгін 558 отбасы қоныс тойын тойлап жатыр. Бұл «Нұрсат» шағын ауданында бой көтерген көпқабатты 11 тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасының екінші бағыты бойынша салынған. Жалпы аумағы 31,5 мың шаршы метр болатын көпқабатты үйлер ең әуелі кезекте тұрған азаматтарға берілді. Шымкент қаласында сондай-ақ 83 тұрғын үй, яғни 5 052 пәтердің құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін тағы да арендалық 16 тұрғын үй тұрғындарға тапсырылады деп жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы