379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұрлы жер» бағдарламасы: Азаматтар пәтерді өзге де заңды тұлғалардан сатып ала алады

  • 970
  • UPD: 15:36, 15.12.2017

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспана алудан үмітті 1 200-дей азамат биыл Қазақстанның ипотекалық компаниясына өтінім білдірген.

Оның 98 пайызы қанағаттандырылған. Атап өтерлігі, бұдан былай азаматтар пәтерді құрылысты салған компаниядан ғана емес, өзге де заңды тұлғалардан сатып алуына болады және ипотекалық несиелендіруді жеңілдету үшін бағдарламаға биыл бірқатар түзету енгізілген.

Еркін Сыздықов, «ҚИК» АҚ басқарушы директоры:

- Бағдарламаға 23 қазан күні өзгерістер енгізілді. Осыған орай бұрын бастапқы жарна тек қаражат ақша түрінде енгізілген болса, 30 пайыз қазіргі таңда азаматтардың өзінің таңдауға құқы бар. Егер оның қосымша қаражаты жоқ болса, онда ол құрылыс компанияларына төлеген жарналарын есептеуге болады немесе қосалқы ретінде басқа бір мүлігін тіркеуге болады.

Хабар 24 телеарнасы