389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл ШҚО-да «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 3 мыңнан астам пәтер салынады

  • 1062
  • UPD: 17:40, 23.02.2018
Биыл ШҚО-да «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 3 мыңнан астам пәтер салынады

Биыл Шығыс Қазақстан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 3 мыңнан астам пәтер салынады.

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру аясында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездескенде мәлімдеді.

«Шығыс Қазақстан облысында 380,0 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 3 638 баспана пайдалануға берілді (оның ішінде 1347 жеке үй). 2017 жылы барлық қаржы көздерінен Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй құрылысына 39,0 млрд теңге бағытталды», – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Тұрғын үй құрылысы бағдарламалары аясында мемлекеттік қаржы көздерінен 19,7 млрд. теңге бөлінді (15,7 млрд. теңге жұмсалды, ал қалған қаржы биылғы өтпелі нысандарға бөлінеді).Мемлекеттік инвестициялар есебінен 101,7 мың шаршы метр тұрғын үй салынды (1624 пәтер).

«Биыл Шығыс Қазақстан облысында «Нұрлы жер» бағдарлама бойынша тағы 3064 пәтер немесе 185,2 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр», – деді министр.

Жұмыс сапарының аясында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың халық алдындағы есептік кездесуіне қатысты. Сонымен қатар, «Өскемен ЖЭС» ЖШС, «Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты» ЖШС, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ ұжымдарымен кездесті.

Хабар 24 телеарнасы