379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО-да «Нұрлы жер» бағдарламасымен 108 отбасы пәтерлі болады

  • 689
  • UPD: 13:26, 22.04.2018

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен 6 көпқабатты тұрғын үй салынуда.

Ал оның үшеуінің құрылысы бітуге таяу. «Күзде 108 отбасыға пәтер кілтін беру жоспарда бар», – дейді аудандық құрылыс бөлімінің мамандары. Қазір Арыста 1 мың 314 адам үй кезегінде тұр. Берілетін баспаналар әуелі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, аз қамтылған отбасылар мен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне үлестіріледі. Салынып жатқан үйлердің құрылысы мен абаттандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 840 миллион теңге қаржы бөлінген.

Ғани Садықов, Арыс қалалық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

– Көктем-2 тұрғын ауданында инфрақұрылым толығымен қамтылған. Су жүйесі, электр жүйесі мен орталық жылу қазандыққа қосылған. Аталған 3 үйдің құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп, сыртқы абаттандыру жұмыстары есебі соған келіп тұр.

Хабар 24 телеарнасы