426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында 91 мың оқушыға жаңа компьютерлік техника беріледі

  • 117
  • UPD: 22:54, 31.08.2020
Алматы облысында 91 мың оқушыға жаңа компьютерлік техника беріледі

Бүгінгі күнге дейін соның 23 мыңнан астамы отбасылық жағдайы төмен балаларға үлестірілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді қалған 75 мың данасын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы өңірдегі 425 мыңнан аса оқушының 61%-інде смартфон, планшет, ноутбук сынды оқу құралдары бар. Уақытша пайдалануға берілетін техника қалған 40%-ін толық қамтиды. Аймақта интернет байланысын жақсарту мақсатында роутерлер сатып алу да көзделген.

Рустам Алпысбаев, облыс әкімінің орынбасары:

- Алматы облысында интернет қолжетімділік мәселесі де туындап отыр. Бұл мәселені шешу үшін республикалық және жергілікті бюджеттен бірлесе отырып, 39 мың роутер алынбақ.

Хабар 24 телеарнасы