419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

1 қаңтардан бастап «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асыру кезеңі басталды

  • 5701
  • UPD: 12:39, 06.01.2016

«Ұлт жоспарықазақстандық арманға бастайтын жол». Бүгін еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың осындай мақаласы жарық көрді.

Елбасы баспасөз бетінде 2016 жылдың 1 қаңтарынан  бастап «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асыру тапсырмасының жүзеге асырылып жатқанын жазған. Бұл ретте 59 заң жобасы қабылданып, бүгінде олар өз күшіне енген. Мұның барлығы жаңа құқықтық орта қалыптастыра отыра, ел еңсесін тіктеп, әлеуметтің әлеуетін арттыруға өзіндік үлес қоспақ. Президент бұл бастаманың пайдасы мол, шарапаты зор болатындығына сенімді.

«Аталған ілкімді істердің барлығы дамыған 30 елмен тереземізді теңестіріп, дамудың даңғыл жолына түсуге жаңа мүмкіндіктер ашады», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Хабар 24 телеарнасы