419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы мақаласы ел дамуының басты бағыт-бағдарын айқындап берді – А.Сәдуақасова

  • 2079
  • UPD: 13:55, 06.01.2016

Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы ел дамуының басты бағыт-бағдарын айқындап берді.

Елбасының 5 институционалды реформаларында айтылған мақсаттар мен міндеттерді бірлігі бекем елде орындауға болады. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы орталығының жетекшісі Айгүл Сәдуақасованың пікірі осыған саяды. Әлеуметтану ғылымдарының докторы шетелдік сарапшылардың пікірін жеткізді. Олардың айтуынша, көпұлтты мемлекетте азаматтардың мүддесін бір арнаға тоғыстыру оңайға соқпайды. Дегенмен осы жылдар ішінде Елбасының көрегендігі мен сарабдал саясатының арқасында 130-дан  астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында ұйып, татулықтың үлгісін көрсетіп келеді.

Айгүл Сәдуақасова, Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі:

- Реформалардың жүзеге асуы не нәрсемен байланысты? Біріншіден, бірлікпен және тұрақтылықпен байланысты. Мақсаттың бірлігімен байланысты.  Екіншіден, Елбасының өзі айтқан «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы деп айтамыз. Бұл ғасырлар бойы елдің ішінен шыққан ең негізгі құндылықтар.

Хабар 24 телеарнасы